АЛМАТЫ, 6 ақпан – Sputnik. Алматының терроризмге қарсы күрес жөніндегі қалалық жедел штабы қаладағы жағдайдың тұрақтанғанын хабарлады.
"Штаб басшысының шешімімен қала аумағында 2022 жылдың 7 ақпанында сағат 00.00-ден бастап террористік қауіптіліктің жоғары "қызғылт сары" деңгейі жойылады", - делінген ақпаратта.
Арнайы және құқық қорғау органдары күшейтілген режимде жұмыс істей береді.
"Барлық қала тұрғынына түсіністік танытып, азаматтық жауапкершілік білдіргендері үшін алғыс айтамыз", - деп мәлімдеді терроризмге қарсы күрес жөніндегі Алматы қалалық жедел штабы.
Айта кетері, Нұр-Сұлтанда 27 қаңтардан бастап террористік қауіптің жоғары "қызғылт сары" деңгейі жойылды.