НҰР-СҰЛТАН, 4 ақпан – Sputnik. Жамбылдық полицейлер қызметтік автокөліктерді өртеген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
5 қаңтарда Тараз қаласындағы Қазыбек би және Әйтиев көшелерінің қиылысында, сондай-ақ Жамбыл облысы әкімдігінің ғимараты жанында полицияның 11 қызметтік автокөлігі бүлініп, оның жетеуі өртенген.
Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 202 – бабы (Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру) және 272-бабы (Жаппай тәртіпсіздік) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.