https://sputnik.kz/20220110/bulik-taraz-video-19106277.html
Бүліктен кейінгі Тараз қаласы – тілші түсірген видео
Бүліктен кейінгі Тараз қаласы – тілші түсірген видео
Sputnik Қазақстан
4 қаңтардың таңында Тараз жұртшылығы алаңға жиналды. Кеш батқанда жиналған жұрт қарасы көбейіп, мұның соңы тәртіпсіздікке ұласты. Облыс әкімі Бердібек... 10.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-10T15:21+0500
2022-01-10T15:21+0500
2022-05-23T16:14+0500
терроризмге қарсы арнайы операция
мультимедиа
тараз
тілші
қаңтар оқиғасы
https://sputnik.kz/img/07e6/01/0a/19105749_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_b33507efa3b66f78d9795fc1292b1a96.jpg
Алайда облыс басшысы берген ақпарат бойынша, жүздеген жаста қаладағы басты көшелермен жүріп өтіп, тәртіпсіздік пен заңсыздыққа, бұзақылық әрекеттерге жол берген. Соның салдарынан полиция көліктері аударылып, өрт қойылып, облыстық әкімдік пен "Каspi bank" бөлімшесінің ғимаратына зақым келген.Айта кетері, 5 қаңтарға қараған түннен бастап Таразда WhatsApp, Instagram, Facebook сынды бірқатар әлеуметтік желі жұмысы тоқтатылды. Мобильді интернет жұмысында да ақау байқалды. Бірақ таңда қаладағы тыныс-тіршілік бірқалыпты болды. Қоғамдық көлік қозғалысы тоқтамаған, дүкендер мен басқа да нысандар штаттық режимде жұмыс істеп тұрды. Әйтсе де қала орталығында әскерилер саны көп болды.Қаңтардың 5-нен 6-на қараған түнде облыстық әкімдік, Nur Otan партиясының Жамбыл облыстық филиалы, Жамбыл облыстық полиция департаменті, Тараз қаласы полиция басқармасы, Тараз қаласы полиция басқармасының №1 полиция бөлімі ғимараттарына өрт қойылды.Облыстық әкімдік пен полиция өкілдері шоғырланған ғимараттардың тұрағындағы көліктер түгелдей өртелген.6 қаңтардың таңында ғимараттар бүлікшілерден толық босатылды. Бірақ Nur Otan ғимараты әлі де түтіндеп, бықсып жатты.Толығырақ Sputnik Қазақстан тілшісі түсірген видеодан біле аласыз.
тараз
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/0a/19105749_240:0:1680:1080_1920x0_80_0_0_ad6fd38d943917914c1d906f57737acf.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
терроризмге қарсы арнайы операция, мультимедиа, тараз, тілші
терроризмге қарсы арнайы операция, мультимедиа, тараз, тілші
Бүліктен кейінгі Тараз қаласы – тілші түсірген видео
15:21 10.01.2022 (жаңартылды: 16:14 23.05.2022) 4 қаңтардың таңында Тараз жұртшылығы алаңға жиналды. Кеш батқанда жиналған жұрт қарасы көбейіп, мұның соңы тәртіпсіздікке ұласты. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев халық алдына шығып, диалогқа шақырды
Алайда облыс басшысы берген ақпарат бойынша, жүздеген жаста қаладағы басты көшелермен жүріп өтіп, тәртіпсіздік пен заңсыздыққа, бұзақылық әрекеттерге жол берген. Соның салдарынан полиция көліктері аударылып, өрт қойылып, облыстық әкімдік пен "Каspi bank" бөлімшесінің ғимаратына зақым келген.
Айта кетері, 5 қаңтарға қараған түннен бастап Таразда WhatsApp, Instagram, Facebook сынды бірқатар әлеуметтік желі жұмысы тоқтатылды. Мобильді интернет жұмысында да ақау байқалды. Бірақ таңда қаладағы тыныс-тіршілік бірқалыпты болды. Қоғамдық көлік қозғалысы тоқтамаған, дүкендер мен басқа да нысандар штаттық режимде жұмыс істеп тұрды. Әйтсе де қала орталығында әскерилер саны көп болды.
Қаңтардың 5-нен 6-на қараған түнде облыстық әкімдік, Nur Otan партиясының Жамбыл облыстық филиалы, Жамбыл облыстық полиция департаменті, Тараз қаласы полиция басқармасы, Тараз қаласы полиция басқармасының №1 полиция бөлімі ғимараттарына өрт қойылды.
Облыстық әкімдік пен полиция өкілдері шоғырланған ғимараттардың тұрағындағы көліктер түгелдей өртелген.
6 қаңтардың таңында ғимараттар бүлікшілерден толық босатылды. Бірақ Nur Otan ғимараты әлі де түтіндеп, бықсып жатты.
Толығырақ
Sputnik Қазақстан тілшісі түсірген видеодан біле аласыз.