Өңірлер

Петропавлда мешіт аумағында өрт шықты

Өрт ошағынан 50 литрлік жеті газ баллоны шығарылды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 4 ақпан – Sputnik. Петропавлда мешіт аумағында өрт шықты, деп хабарлады Солтүстік Қазақстан төтенше жағдайлар департаменті.

"4 ақпанда сағат 7.40-та 101 нөміріне Жабаев көшесіндегі мешітке жапсарлас шаруашылық ғимаратта өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті", - делінген ақпаратта.

Өрт сөндірушілер мешітке жеті минутта жетті. Өрт сөндірушілер келгенде шаруашылық ғимаратта от лаулап жатқан. Оның мешітке және жанында тұрған көліктерге тарау қаупі жоғары болды. Алайда өрт сөндірушілер отты дер кезінде ауыздықтады.
Петропавлда мешіт аумағында өрт шықты
Өрт ошағынан 50 литрлік жеті газ баллоны шығарылды. Өрт сағат 8.11-де сөндірілді. Көз жұмғандар мен зардап шеккендер жоқ.