Өңірлер

Петропавлда мешіт аумағында өрт шықты

© ДЧС Северо-Казахстанской областиТушение пожара в мечети в Петропавловске
Тушение пожара в мечети в Петропавловске - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.02.2022
Жазылу
Өрт ошағынан 50 литрлік жеті газ баллоны шығарылды
НҰР-СҰЛТАН, 4 ақпан – Sputnik. Петропавлда мешіт аумағында өрт шықты, деп хабарлады Солтүстік Қазақстан төтенше жағдайлар департаменті.

"4 ақпанда сағат 7.40-та 101 нөміріне Жабаев көшесіндегі мешітке жапсарлас шаруашылық ғимаратта өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті", - делінген ақпаратта.

Өрт сөндірушілер мешітке жеті минутта жетті. Өрт сөндірушілер келгенде шаруашылық ғимаратта от лаулап жатқан. Оның мешітке және жанында тұрған көліктерге тарау қаупі жоғары болды. Алайда өрт сөндірушілер отты дер кезінде ауыздықтады.
© ДЧС Северо-Казахстанской областиПетропавлда мешіт аумағында өрт шықты
Петропавлда мешіт аумағында өрт шықты - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.02.2022
Петропавлда мешіт аумағында өрт шықты
Өрт ошағынан 50 литрлік жеті газ баллоны шығарылды. Өрт сағат 8.11-де сөндірілді. Көз жұмғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Жаңалықтар
0