НҰР-СҰЛТАН, 4 ақпан – Sputnik. Орал қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері "гидропоника" әдісімен марихуана өсірген есірткі зертханасының ұйымдастырушыларын ұстады.
Оралдағы есірткі зертханасы
© Photo : Пресс-служба КНБ РК
ҰҚК хабарлауынша, қаладағы жеке үйлердің бірінде екі азамат каннабистік топтың есірткі заттарын заңсыз өсіріп, сақтаған.
Заңсыз айналымнан 17 килограмм марихуана, 100 түп қарасора мен зертханалық жабдық, сондай-ақ кесілген тегіс ұңғылы мылтық пен травматикалық тапанша тәркіленді.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалы Қазақстан Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді. Бұл бап қылмыскердің мүлкін тәркілеп, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.
Сот "күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасын санкциялады.