Өңірлер

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Оралда есірткі зертханасын жойды

© Photo : Пресс-служба КНБ РКОралдағы есірткі зертханасы
Оралдағы есірткі зертханасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.02.2022
Жазылу
17 килограмм марихуана, 100 түп қарасора және зертханалық жабдық тәркіленді
НҰР-СҰЛТАН, 4 ақпан – Sputnik. Орал қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері "гидропоника" әдісімен марихуана өсірген есірткі зертханасының ұйымдастырушыларын ұстады.
© Photo : Пресс-служба КНБ РКОралдағы есірткі зертханасы
Оралдағы есірткі зертханасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.02.2022
Оралдағы есірткі зертханасы
ҰҚК хабарлауынша, қаладағы жеке үйлердің бірінде екі азамат каннабистік топтың есірткі заттарын заңсыз өсіріп, сақтаған.
Заңсыз айналымнан 17 килограмм марихуана, 100 түп қарасора мен зертханалық жабдық, сондай-ақ кесілген тегіс ұңғылы мылтық пен травматикалық тапанша тәркіленді.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалы Қазақстан Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді. Бұл бап қылмыскердің мүлкін тәркілеп, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.
Сот "күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасын санкциялады.
Жаңалықтар
0