Қоғам

"Дикий Арманның" қорғаушылары: оны бізден жасырып отыр

Адвокаттардың айтуынша, Арман Жұмагелдиев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментіне ауыстырылуы мүмкін
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 2 ақпан – Sputnik. Арман Жұмагелдиевтің үш адвокаты іздеу шараларын жалғастырып жатыр. Әзірше, ешқандай нәтиже жоқ.
1 ақпан күні ол Алматы қаласының тергеу изоляторында болған. Артынан ұшты-күйлі жоғалды. Адвокаттардың айтуынша, оны Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментіне ауыстыруы мүмкін.

"Бізге бейресми ақпарат көздерінен Жұмагелдиевті Алматы қаласының ұлттық қауіпзсіздік комитеті департаментіне алып келді деген мәлімет түсті. Сол жерге барып, ғимаратына кірдік. Кезекші бүгін сәрсенбі, техникалық күн деп ішке кіргізбеді", - дейді Талғат Есімов.

Оның айтуынша, департамент қызметкерлері де "Дикий Арманның" қайда екенін айтпай отыр.
Бұған дейін Арман Жұмагелдиев тергеушілермен жұмыс істеп, куәлік беруге дайын екенін айтқан.
Оқи отырыңыз: Дикий Арман тергеу изоляторынан жоғалып кетті – адвокаттары мәлімдеме жасады