https://sputnik.kz/20220202/zhasyryp-otyr-dikiy-arman-22441307.html
"Дикий Арманның" қорғаушылары: оны бізден жасырып отыр
"Дикий Арманның" қорғаушылары: оны бізден жасырып отыр
Sputnik Қазақстан
Адвокаттардың айтуынша, Арман Жұмагелдиев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментіне ауыстырылуы мүмкін 02.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-02T13:53+0500
2022-02-02T13:53+0500
2023-08-09T12:24+0500
қоғам
ұлттық қауіпсіздік комитеті
отан қорғаушы күні
https://sputnik.kz/img/07e6/02/02/22438635_0:0:960:540_1920x0_80_0_0_5a97260167802b6f7630bca4ebd1e43b.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 2 ақпан – Sputnik. Арман Жұмагелдиевтің үш адвокаты іздеу шараларын жалғастырып жатыр. Әзірше, ешқандай нәтиже жоқ. 1 ақпан күні ол Алматы қаласының тергеу изоляторында болған. Артынан ұшты-күйлі жоғалды. Адвокаттардың айтуынша, оны Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментіне ауыстыруы мүмкін. Оның айтуынша, департамент қызметкерлері де "Дикий Арманның" қайда екенін айтпай отыр. Бұған дейін Арман Жұмагелдиев тергеушілермен жұмыс істеп, куәлік беруге дайын екенін айтқан.Оқи отырыңыз: Дикий Арман тергеу изоляторынан жоғалып кетті – адвокаттары мәлімдеме жасады
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/02/22438635_211:0:931:540_1920x0_80_0_0_fbc7edc53c1df513da7900b3e4693db8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұлттық қауіпсіздік комитеті, отан қорғаушы күні
ұлттық қауіпсіздік комитеті, отан қорғаушы күні
"Дикий Арманның" қорғаушылары: оны бізден жасырып отыр
13:53 02.02.2022 (жаңартылды: 12:24 09.08.2023) Адвокаттардың айтуынша, Арман Жұмагелдиев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментіне ауыстырылуы мүмкін
НҰР-СҰЛТАН, 2 ақпан – Sputnik. Арман Жұмагелдиевтің үш адвокаты іздеу шараларын жалғастырып жатыр. Әзірше, ешқандай нәтиже жоқ.
1 ақпан күні ол Алматы қаласының тергеу изоляторында болған. Артынан ұшты-күйлі жоғалды. Адвокаттардың айтуынша, оны Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментіне ауыстыруы мүмкін.
"Бізге бейресми ақпарат көздерінен Жұмагелдиевті Алматы қаласының ұлттық қауіпзсіздік комитеті департаментіне алып келді деген мәлімет түсті. Сол жерге барып, ғимаратына кірдік. Кезекші бүгін сәрсенбі, техникалық күн деп ішке кіргізбеді", - дейді Талғат Есімов.
Оның айтуынша, департамент қызметкерлері де "Дикий Арманның" қайда екенін айтпай отыр.
Бұған дейін Арман Жұмагелдиев тергеушілермен жұмыс істеп, куәлік беруге дайын екенін айтқан.