НҰР-СҰЛТАН, 2 ақпан — Sputnik. Фристайл бойынша құраманың өкілдері Олимпиада тас жолының артықшылығы мен кемшіліктері туралы айтты.
"Тас жолда мін жоқ. Ол Олимпиада стандарттарына толығымен сәйкес келеді. Біршама кемшін тұсы бар – тас жол аздап қаттылау. Қазір трамплиннен секіріп жатырмыз. Жеңіске деген құлшыныс жоғары. Біздің жағдайымыз жақсы, ештеңе алаңдатып жатқан жоқ", - деп мәлімдеді Павел Колмаков Olympic.kz сайтына.
Дмитрий Рейхерд Қазақстан командасындары спортшыларға арналған тас жол жаңа екенін айтты.
"Біз ресми түрде осымен үшінші рет жаттығып жатырмыз. Тас жол да, трамплиндер де тамаша, бәрі жақсы. Бұл тас жолға бірінші рет шықтық. Әлем кубогі аясындағы алдыңғы жарыстар басқа тас жолда өтті. Біз үшін бұл жаңа бағыт, жаңа трамплиндер", - деді ол.
"Барлығы көңілімізден шығып жатыр. Бірақ мұнда күн қатты суық. Бұл елге бекерден-бекер келмегенімді ойласам, аздап қобалжимын. Мемлекеттің намысын қорғау - үлкен міндет пен құрмет. Отыз үздіктің қатарына кірудің өзі үлкен жетістік пен ауқымды жұмыстың нәтижесі. Әйтсе де қазір босаңситын уақыт емес. Алда жарыс күтіп тұр. Сондықтан әркез үздік болуға ұмтылу керек", - деген пікірімен бөлісті Аяулым Әміренова.
Могулшылар тау аймағындағы Чжанцзякоу қалалық округінде орналасып, осында жаттығып жатыр. Чжанцзякоу Олимпиада кластеріндегі үшінші және ең алыс орналасқан кластер болып отыр.
Спорттың осы түрінен Олимпиадада Юлия Галышева, Аяулым Әміренова, Анастасия Городко, Олеся Граур, Павел Колмаков пен Дмитрий Рейхерд біздің елдің намысын қорғайды.