https://sputnik.kz/20220202/fristaylshylar-olimpiada-tramplin-22432449.html
Қазақстандық фристайлшылар Олимпиада трамплиндерін сынап көрді
Қазақстандық фристайлшылар Олимпиада трамплиндерін сынап көрді
Sputnik Қазақстан
Фристайл-могулдан Қазақстан командасы Бейжіңдегі Олимпиада алдындағы жаттығуларын жалғастырып жатыр. Павел Колмаков, Дмитрий Рейхерд пен Аяулым Әміренова... 02.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-02T11:11+0500
2022-02-02T11:11+0500
2023-08-09T16:03+0500
бейжің
спорт
олимпиада ойындары
https://sputnik.kz/img/457/13/4571387_0:677:2181:1904_1920x0_80_0_0_a054a85d71358d3ce394e422d0aa8602.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 2 ақпан — Sputnik. Фристайл бойынша құраманың өкілдері Олимпиада тас жолының артықшылығы мен кемшіліктері туралы айтты."Тас жолда мін жоқ. Ол Олимпиада стандарттарына толығымен сәйкес келеді. Біршама кемшін тұсы бар – тас жол аздап қаттылау. Қазір трамплиннен секіріп жатырмыз. Жеңіске деген құлшыныс жоғары. Біздің жағдайымыз жақсы, ештеңе алаңдатып жатқан жоқ", - деп мәлімдеді Павел Колмаков Olympic.kz сайтына.Дмитрий Рейхерд Қазақстан командасындары спортшыларға арналған тас жол жаңа екенін айтты."Біз ресми түрде осымен үшінші рет жаттығып жатырмыз. Тас жол да, трамплиндер де тамаша, бәрі жақсы. Бұл тас жолға бірінші рет шықтық. Әлем кубогі аясындағы алдыңғы жарыстар басқа тас жолда өтті. Біз үшін бұл жаңа бағыт, жаңа трамплиндер", - деді ол."Барлығы көңілімізден шығып жатыр. Бірақ мұнда күн қатты суық. Бұл елге бекерден-бекер келмегенімді ойласам, аздап қобалжимын. Мемлекеттің намысын қорғау - үлкен міндет пен құрмет. Отыз үздіктің қатарына кірудің өзі үлкен жетістік пен ауқымды жұмыстың нәтижесі. Әйтсе де қазір босаңситын уақыт емес. Алда жарыс күтіп тұр. Сондықтан әркез үздік болуға ұмтылу керек", - деген пікірімен бөлісті Аяулым Әміренова.Могулшылар тау аймағындағы Чжанцзякоу қалалық округінде орналасып, осында жаттығып жатыр. Чжанцзякоу Олимпиада кластеріндегі үшінші және ең алыс орналасқан кластер болып отыр.Спорттың осы түрінен Олимпиадада Юлия Галышева, Аяулым Әміренова, Анастасия Городко, Олеся Граур, Павел Колмаков пен Дмитрий Рейхерд біздің елдің намысын қорғайды.
бейжің
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/457/13/4571387_0:472:2181:2108_1920x0_80_0_0_250e7445cb5a06d9cfd30a9e3a4699ef.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бейжің, олимпиада ойындары
бейжің, олимпиада ойындары
Қазақстандық фристайлшылар Олимпиада трамплиндерін сынап көрді
11:11 02.02.2022 (жаңартылды: 16:03 09.08.2023) Фристайл-могулдан Қазақстан командасы Бейжіңдегі Олимпиада алдындағы жаттығуларын жалғастырып жатыр. Павел Колмаков, Дмитрий Рейхерд пен Аяулым Әміренова жарысқа арнайы жасақталған тас жол мен Олимпиададан күтетін үміттері жайлы айтып берді
НҰР-СҰЛТАН, 2 ақпан — Sputnik. Фристайл бойынша құраманың өкілдері Олимпиада тас жолының артықшылығы мен кемшіліктері туралы айтты.
"Тас жолда мін жоқ. Ол Олимпиада стандарттарына толығымен сәйкес келеді. Біршама кемшін тұсы бар – тас жол аздап қаттылау. Қазір трамплиннен секіріп жатырмыз. Жеңіске деген құлшыныс жоғары. Біздің жағдайымыз жақсы, ештеңе алаңдатып жатқан жоқ", - деп мәлімдеді Павел Колмаков
Olympic.kz сайтына.
Дмитрий Рейхерд Қазақстан командасындары спортшыларға арналған тас жол жаңа екенін айтты.
"Біз ресми түрде осымен үшінші рет жаттығып жатырмыз. Тас жол да, трамплиндер де тамаша, бәрі жақсы. Бұл тас жолға бірінші рет шықтық. Әлем кубогі аясындағы алдыңғы жарыстар басқа тас жолда өтті. Біз үшін бұл жаңа бағыт, жаңа трамплиндер", - деді ол.
"Барлығы көңілімізден шығып жатыр. Бірақ мұнда күн қатты суық. Бұл елге бекерден-бекер келмегенімді ойласам, аздап қобалжимын. Мемлекеттің намысын қорғау - үлкен міндет пен құрмет. Отыз үздіктің қатарына кірудің өзі үлкен жетістік пен ауқымды жұмыстың нәтижесі. Әйтсе де қазір босаңситын уақыт емес. Алда жарыс күтіп тұр. Сондықтан әркез үздік болуға ұмтылу керек", - деген пікірімен бөлісті Аяулым Әміренова.
Могулшылар тау аймағындағы Чжанцзякоу қалалық округінде орналасып, осында жаттығып жатыр. Чжанцзякоу Олимпиада кластеріндегі үшінші және ең алыс орналасқан кластер болып отыр.
Спорттың осы түрінен Олимпиадада Юлия Галышева, Аяулым Әміренова, Анастасия Городко, Олеся Граур, Павел Колмаков пен Дмитрий Рейхерд біздің елдің намысын қорғайды.