НҰР-СҰЛТАН, 2 ақпан – Sputnik. 24-31 қаңтар аралығында ҰҚК Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері шетелге ақшаны заңсыз шығару фактілерінің алдын алды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
"Шекарашылар Нұр-Сұлтан, Алматы, Түркістан, Ақтау, Өскемен қалаларында жалпы сомасы 311 526 967 теңге болатын декларацияланбаған шетел валютасын алып шығудың 24 фактісін анықтады", - делінген хабарламада.
Материалдар мемлекеттік кірістер және экономикалық қылмыстарды тергеу органдарына берілді.
ҰҚК Шекара қызметі Қазақстаннан тыс жерлерге шығатын азаматтарға ірі ақша қаражатын (он мың АҚШ долларынан астам) алып шығу кезінде заң талаптарын сақтап, декларациялау қажеттігін еске салады.