Екібастұз тұрғынын бұрынғы әйелдері сотқа берді

Учаскелік инспектор жауапсыз әкенің орналасқан жерін анықтады, оған қатысты екі әкімшілік іс қозғалды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 1 ақпан – Sputnik. Екібастұз қаласының тұрғыны кәмелетке толмаған балаларына алимент төлеуден жалтарып, 5 миллион теңгеден аса қарыз болып қалған, деп хабарлады Рavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адам бұрын екі рет некеде болған, әр некеден кәмелетке толмаған балалары бар, бірақ оларға алимент төлемеген.

"Сот орындаушысына бұрынғы әйелдері жүгінді. Ер адам өзінің кәмелетке толмаған балаларына 5 миллион теңгеден астам қарыз. Учаскелік инспектор алимент төлемейтін әкенің орналасқан жерін анықтады, оған қатысты екі әкімшілік іс қозғалды", - деп атап өтті Екібастұз қаласы ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Төлеген Құдайбергенов.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша Екібастұз қаласының мамандандырылған сотының қаулысымен кәмелетке толмаған балалардың 38 жастағы әкесі кінәлі деп танылып, екі сот актісі бойынша 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
Құқық бұзушыға алименттерді төлемеген жағдайда қылмыстық қудалау мәселесі қаралатыны туралы ескертілді
Оқи отырыңыз: 1,2 миллион теңге жалақы алатын алимент төлеуші пәтері мен көлігінен айырылды