НҰР-СҰЛТАН, 1 ақпан – Sputnik. 31 қаңтарда партияның Саяси кеңесінің қаулысымен Nur Otan партиясының саяси кеңесі бюросының жаңа құрамы бекітілді.
Партияның саяси кеңесінің бюросына келесі адамдар бекітілді:
Бұған дейін саяси кеңестің бюросына Қасым-Жомарт Тоқаев, Нұрлан Нығматулин, Асқар Мамин, Әсет Исекешев, Наталья Годунова, Марат Тәжин, Александр Павлов пен Дархан Қыдырәли кірген болатын.
Естеріңізге сала кетейік, 28 қаңтарда партияның кезектен тыс XXI съезінде тарихи оқиға болды. Партия құрылғалы бері алғаш рет оның басшысы ауысты. Партия төрағасы болып президент Қасым-Жомарт Тоқаев тағайындалды.
Президентпен бірге партияның саяси кеңесінің құрамына бизнес өкілдері, ғалымдар мен түрлі компания басшылары енді, азаматтық сектор өкілдерінің саны артты. Партияның жоғарғы өкілеттік органы 55 процентке жаңарды.
Тоқаев партия жұмысын жаңғыру үшін бірқатар міндеттерді белгіледі. Президент партияның өміршеңдігі сайлауалды бағдарламаның жүзеге асырылуына байланысты екенін айтты. Сонымен қатар партияны бұдан әрі басқару мәселесіне жыл соңында оралатынын атап өтті.