НҰР-СҰЛТАН, 30 қаңтар – Sputnik. Атырау облысында бірнеше күннен бері ер адам іздестірілуде.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Махамбет ауданының Сарайшық және Бейбарыс елді мекендерінің маңында 1957 жылы туған ер адам іздестіріліп жатыр. Ол 28 қаңтарда үйінен шығып, осы уақытқа дейін қайтып оралмаған.
Іздестіру жұмыстары кинологтар да тартылды. Жақын маңдағы аумақты аралумен қатар, Жайық өзенің түбін барлау үшін сүңгуірлер жұмыс істеп жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, осыдан бір апта бұрын Атырау облысында тоғыз жастағы бала жоғалып, оның мәйіті Перетаска өзенінен табылған болатын.