Өңірлер

Үйінен шығып, оралмаған: Атырау облысында ер адам іздестірілуде

© Photo : ДЧС ВКОРека зимой
Река зимой - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.01.2022
Жазылу
Жайық өзенің түбін барлау үшін сүңгуірлер жұмыс істеп жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 30 қаңтар – Sputnik. Атырау облысында бірнеше күннен бері ер адам іздестірілуде.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Atyrau oblysynyn TJD (@atyrau_tjd)

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Махамбет ауданының Сарайшық және Бейбарыс елді мекендерінің маңында 1957 жылы туған ер адам іздестіріліп жатыр. Ол 28 қаңтарда үйінен шығып, осы уақытқа дейін қайтып оралмаған.
Іздестіру жұмыстары кинологтар да тартылды. Жақын маңдағы аумақты аралумен қатар, Жайық өзенің түбін барлау үшін сүңгуірлер жұмыс істеп жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, осыдан бір апта бұрын Атырау облысында тоғыз жастағы бала жоғалып, оның мәйіті Перетаска өзенінен табылған болатын. 
Оқи отырыңыз: Алматыда бүлік кезінде із-түзсіз жоғалған жігіттің мәйіті табылды
 
Жаңалықтар
0