НҰР-СҰЛТАН, 29 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы бүлік кезінде неліктен оқ атуға бұйрық бергенін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Шынымды айтсам, адамдар жауапкершілікті мойнына алудан қорықты, бірыңғай алгоритм болмады. Жаңаөзеннен кейін құқық қорғаушылардың қару қолдануын шектейтін заңдар қабылданды", - деді Тоқаев "Хабар 24" телеарнасына берген сұхбатында.
Сондықтан президент жұрт алдында жауапкершілікті өз мойнына алуға шешім қабылдаған.
"Мен дипломатпын, оның салдарын білдім, осындай реакция болатынын түсіндім. Бірақ мемлекеттің қауіпсіздігі – бірінші орында", - деп түйіндеді ол.