Алматыдағы жаппай тәрпісіздіктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Қаңтар оқиғасы
2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласы мен басқа да өңірлерде болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты материалдар

Мен оның салдарын білдім – Тоқаев неліктен оқ атуға бұйрық бергенін түсіндірді

© REUTERS / PAVEL MIKHEYEVВ Алматы усилены меры безопасности после массовых протестов в Казахстане
В Алматы усилены меры безопасности после массовых протестов в Казахстане - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.01.2022
Жазылу
Мен дипломатпын, оның салдарын білдім, осындай реакция болатынын түсіндім, деді президент
НҰР-СҰЛТАН, 29 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы бүлік кезінде неліктен оқ атуға бұйрық бергенін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Шынымды айтсам, адамдар жауапкершілікті мойнына алудан қорықты, бірыңғай алгоритм болмады. Жаңаөзеннен кейін құқық қорғаушылардың қару қолдануын шектейтін заңдар қабылданды", - деді Тоқаев "Хабар 24" телеарнасына берген сұхбатында.
Сондықтан президент жұрт алдында жауапкершілікті өз мойнына алуға шешім қабылдаған.
"Мен дипломатпын, оның салдарын білдім, осындай реакция болатынын түсіндім. Бірақ мемлекеттің қауіпсіздігі – бірінші орында",  - деп түйіндеді ол.
Жаңалықтар
0