Бірі – Вашингтоннан, екіншісі – НАТО-дан келді. Хат ішінде нақты не жазылғаны көпшілікке әлі белгісіз. Бірақ АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Линкен баспасөз конференциясы кезінде Америка кері шегінбейтінін ашық айтты, деп жазды РИА Новости.
"Ресей біздің одақтастарымыз бен басқа халықтарға да күш көрсетуден, агрессиялық іс-әрекеттен және шабуылдан бас тартуы керек. Ресей Украина, Грузия және Молдавияның келісімінсіз осы елдердің аумағында орналастырылған өз әскерін алып кетуі қажет", - деді Блинкен.
АҚШ елшісі Украинада қайдан ресейлік әскери бөлімше тапқаны белгісіз, бірақ соңғы екеуінде Приднестровье мен Оңтүстік Осетияны меңзеп тұрғаны анық.
Линкен Украинаға америкалық қару жеткізу жалғасып жатқанын растады және "қажет болса сол қару қолданылатынын" айтты. Ол украин экономикасына көмектесуге уәде етті. Алайда дәл осы Вашингтон Украинаны әскери іс-қимылға тартып, гривна бағамының құлдырауын тудырғаннан кейін, АҚШ—тың украиндерге қолдау көрсетемін дегені қызық естілді.
Баспасөз конференциясы кезінде осыған дейін тым жиі айтылған "НАТО-ның ашық есігі", одақтастар мен Украинаға деген адалдық туралы айтылды.
"Альянс пен Еуропа және Солтүстік Америкадағы қауіпсіздік қағидаларына қатысты мәселеде біз ешқандай ымыраға жол бермейміз, - деді Блинкен. – Халықтардың өз жолын таңдау құқығын құрметтеу керек".
Блинкен баспасөз конференциясында Ресейге қатысты санкциялар жайын қозғап, РФ-ға бағытталған экспортты бақылауды ұсынды. Сонымен қатар мемлекеттік хатшы егер Ресей Еуропаға энергия тасымалдағыштарды жеткізуді қысым құралы ретінде пайдаланса, онда оны тағы жазалау қажжеттілігін атап өтті. Бірақ Ресей энергия ресурстарын шектеуге мәжбүр. Себебі, америкалықтар "Солтүстік ағын – 2" жобасына да тыйым салуды көздеп отыр.
Алайда мұның барлығы осыған дейін талай рет айтылған болатын. Баспасөз конференциясында басқа мәселе қызықты болды. Журналистерден ең алдымен "Мәскеудің Украина мен Грузияны НАТО-құрамына кіргізбеу және НАТО әскерін Ресей шекарасынан әкету туралы талаптарына "жоқ" деп кесіп жауап бердіңіз бе?" деген сауал түсті. Бірақ Блинкен жауа беруден жалтаруға тырысып, "бұл мәселеге егжей-тегжейлі тоқталмауды қалаймын" деп құтылды.
Егер америкалықтар Ресей ұсыныстарына кесімді түрде "жоқ" деп жауап берсе, онда неге ресми жауап мәтінін жарияламауды өтініп отыр? Жалпы, хатта неше түрлі астарлы сөздер қолданылғанымен, бұл бағытта ешқандай ілгерілеу жоқ болып шықты. Хат мәтінінде америкалық серіктестер НАТО-ны шығысқа қарай кееңейтпеу туралы кепілдіктен ұтымды құтылып кеткен.
Бұл туралы РФ сыртқы істер министрі Сергей Лавров мәлімдеді: "Басты мәселе бойынша ол құжатта еш жағымды реакция жоқ. НАТО-ны одан әрі шығысқа қарай кеңейтуге жол бермеу және Ресей Федерациясының территориясына қауіп төндіруі мүмкін соққы жасаушы техниканы орналастырмауды біз басты мәселе ретінде көрсеттік".
АҚШ кепілдік орнына Ресейге аса ұсақ келісімдер ұсынған. Wall Street Journal АҚШ президентінің әкімшілігі Қара теңіз арқылы әскери кемелердің жүруін қарастыратын жаңа ережені және Польша мен Румынияда америкалық зымыран кешендерінің инспекциясын жүргізу мүмкіндіктерін талқылап жатқанын жазды. New York Times мәліметі бойынша, АҚШ-тың жазбаша жауабында орта және шағын қашықтыққа ұшатын зымырандарды өзара тежеу және әскери оқу-жаттығуды шекарадан алыс өткізу бойынша келіссөз жүргізуге ұсыныс бар.
Йенс Столтенбергтің айтуынша, НАТО жолдаған хатта Мәскеу мен альянс байланысын жаңғырту бойынша тәсілдер қарастырылған. "Біз Мәскеу мен Брюссельдегі кеңселерді қайта ашу керекпіз", - деді НАТО басшысы.
Бірақ осы ұсыныстармен қоса, америкалық тарап ашық үркітуге көшкен. Эстонияға бүгін алты америкалық жоюшы ұшақ қонды. Мемлекеттік департаменттің баспасөз хатшысы Нед Прайс Ресей Украинаға шабуыл жасаса, америкалықтар "Солтүстік ағын – 2" газ құбырын қосуға жол бермейтінін айтты.
Америка қоғамында қазірдің өзінде "Украина үшін Ресеймен соғысқа" қатысты пікір екіге жарылғаны байқалады. Сонымен қатар сарапшылар НАТО-ның тиімділігі мен қажеттілігіне қатысты жиі күмән келтіріп жатыр. "Қорғану мақсатында құрылған Кеңес Одағы отыз жыл бұрын ыдырап кетсе, қазір НАТО-ның не керегі бар?" – деген сауал жолдады Fox News жүргізушісі Таакер Карлсон. Ал экс-президент Дональд Трамп Украинаға әскерилерді жіберуге қатысты таңданыс білдіріп, өзі билік еткен жағдайда мұндайға жол бермейтінін айтты.
Англосаксондар Германия мен Францияны Ресейге қарсы қоюға тырысып жатыр. Кешегі тарихты әлі де ұмытпаған еуропалықтар мейілінше табандылық танытып отыр. Дәл қазір Парижде "норманд төрттігі" келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл шара Украинадағы жағдайды біршама қалыпқа келтіруі керек. Барлық тарап оқ атуды доғару туралы пікірмен бірауыздан келісті. Бұл бағыттағы өзгерістер оң немесе жағымсыз сипатта бола ма, оны уақыт көрсетеді.