Спорт

Қазақстандық ММА шебері әлем чемпионатының жүлдегерін нокаутқа түсірді – видео

Қазақстандық спортшы Бекзат Жасия қарсыласын ұрып құлатты, төреші жекпе-жекті мерзімінен бұрын тоқтатуға мәжбүр болды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 28 қаңтар – Sputnik. Абу-Дабиде өтіп жатқан аралас жекпе-жектен әлем чемпионатының жартылай финалында қазақстандық Бекзат Жасия мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Бұл туралы Қазақстанның біріккен ММА федерациясы хабарлады.
Қазақ спортшысы әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері швед Даниял Шамхаловты нокаутқа түсірді.
Спортшылар 65,8 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға шығу үшін күш сынасты.
Жасия қарсыласын ұрып құлатып, соққының астына алды. Шамхаловтың есеңгіреп қалғанын көрген төреші жекпе-жекті мерзімінен бұрын тоқтатуға мәжбүр болды.
Оқи отырыңыз: Қазақстандық чемпион қыздың жекпе-жегі ауыр нокаутпен аяқталды – видео