Спорт

Қазақстандық чемпион қыздың жекпе-жегі ауыр нокаутпен аяқталды – видео

CC0 / vesnazajchenko / Девушка перед спарингом
Девушка перед спарингом - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.12.2021
Жазылу
Ресей спортшысы қазақстандық қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмады, төреші техникалық нокаутты тіркеп, жекпе-жекті тоқтатты
НҰР-СҰЛТАН, 20 желтоқсан – Sputnik. Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Меруерт Ибраева (3-0) Мәскеуде Open Fighting Championship турнирінде титулдық жекпе-жек өткізді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPORTS.KZ (@kzsports)

Ибраева ресейлік Дарья Железняковамен кездесті (5-0). Жеңіл салмақтағы жекпе-жек бес раундқа есептелді, Open FC чемпионы титулы бәске тігілді.
Жекпе-жекте Железнякова мерзімінен бұрын жеңіске жетті – екінші раундта қарсыласын техникалық нокаутпен ұтты, деп хабарлады Sports.kz.
Оқи отырыңыз: Қазақстандық боксшы қыз Франция чемпионын нокаутпен жеңді – видео
Осылайша Меруерт Ибраева кәсіпқой карьерасында алғаш рет жеңіліске ұшыраса, Дарья Железнякова ММА-дағы алтыншы жеңісіне қол жеткізді.
Айта кетері, Ибраева жақында ғана панкратионнан әлем чемпионы атанған болатын.
Жаңалықтар
0