Елорда тынысы

Елордада бульдозерге мас күйінде отырған жүргізуші ұсталды

Күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 346-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 28 қаңтар – Sputnik. Елордалық полицейлер бульдозердің мас жүргізушісін ұстады. 
Күндізгі уақытта Әл-Фараби көшесінде патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзып келе жатқан бульдозер жүргізушісін тоқтатты.
Тексеру кезінде ер адамнан алкогольдің иісі шыққан. Сонымен қатар, 59 жастағы жүргізуші 2019 жылы мас күйінде көлік жүргізгені үшін 3 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылғаны белгілі болды.
Куәландыруға келгеннен кейін алкогольді ішкені анықталды. Медициналық қорытындыға сәйкес, жүргізуші орташа дәрежеде мас болған.
Күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 346-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бульдозер коммуналдық тұраққа қойылды.
Заңнамаға сәйкес жүргізушіге 5 мың АЕК-ке дейін айыппұл салынып, бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Елордада 19 қаңтардан бастап қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шарасы өтуде. Осы кезеңде 132 қылмыс тіркеліп, оның ішінде 95 қылмыс ашылды.