https://sputnik.kz/20220128/Elorda-buldozer-mas-19237732.html
Елордада бульдозерге мас күйінде отырған жүргізуші ұсталды
Елордада бульдозерге мас күйінде отырған жүргізуші ұсталды
Sputnik Қазақстан
Күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 346-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды 28.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-28T20:39+0500
2022-01-28T20:39+0500
2022-02-01T13:05+0500
елорда тынысы
елорда
мас
жүргізуші
https://sputnik.kz/img/1254/48/12544865_0:124:1024:704_1920x0_80_0_0_cfd38a9b8af8a0f26779ff0cd010dc0e.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 28 қаңтар – Sputnik. Елордалық полицейлер бульдозердің мас жүргізушісін ұстады. Күндізгі уақытта Әл-Фараби көшесінде патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзып келе жатқан бульдозер жүргізушісін тоқтатты.Тексеру кезінде ер адамнан алкогольдің иісі шыққан. Сонымен қатар, 59 жастағы жүргізуші 2019 жылы мас күйінде көлік жүргізгені үшін 3 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылғаны белгілі болды.Куәландыруға келгеннен кейін алкогольді ішкені анықталды. Медициналық қорытындыға сәйкес, жүргізуші орташа дәрежеде мас болған.Күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 346-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бульдозер коммуналдық тұраққа қойылды.Заңнамаға сәйкес жүргізушіге 5 мың АЕК-ке дейін айыппұл салынып, бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.Елордада 19 қаңтардан бастап қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шарасы өтуде. Осы кезеңде 132 қылмыс тіркеліп, оның ішінде 95 қылмыс ашылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1254/48/12544865_76:172:1024:768_1920x0_80_0_0_0d5bbc1f56b554449e2d1bc9359e4864.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
елорда, мас, жүргізуші
Елордада бульдозерге мас күйінде отырған жүргізуші ұсталды
20:39 28.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 346-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды
НҰР-СҰЛТАН, 28 қаңтар – Sputnik. Елордалық полицейлер бульдозердің мас жүргізушісін ұстады.
Күндізгі уақытта Әл-Фараби көшесінде патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзып келе жатқан бульдозер жүргізушісін тоқтатты.
Тексеру кезінде ер адамнан алкогольдің иісі шыққан. Сонымен қатар, 59 жастағы жүргізуші 2019 жылы мас күйінде көлік жүргізгені үшін 3 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылғаны белгілі болды.
Куәландыруға келгеннен кейін алкогольді ішкені анықталды. Медициналық қорытындыға сәйкес, жүргізуші орташа дәрежеде мас болған.
Күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 346-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бульдозер коммуналдық тұраққа қойылды.
Заңнамаға сәйкес жүргізушіге 5 мың АЕК-ке дейін айыппұл салынып, бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Елордада 19 қаңтардан бастап қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шарасы өтуде. Осы кезеңде 132 қылмыс тіркеліп, оның ішінде 95 қылмыс ашылды.