Қоғам

50%-ін мемлекет өтейді: министрлік жалға алынған үйдің ақысын төлеу тетігін әзірледі

Баспананы жалға алғаны үшін берілетін төлем табысы күнкөріс деңгейінен төмен, жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған азаматтарға ұсынылады
Sputnik
АЛМАТЫ, 27 қаңтар – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі баспанаға аса мұқтаж азаматтардың тұрғын үйді жалға алу құнының жартысын төлеу тетігін әзірледі.
Атаулы тұрғын үй көмегі жалға алу құнының 50%-ін мемлекет, қалған 50%-ін жалға алушы төлеу қағидатына негізделген.
Министрліктің хабарлауынша, жеке тұрғын үй қорынан баспананы жалға алғаны үшін берілетін төлем табысы күнкөріс (36 018 теңге) деңгейінен төмен, жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған азаматтарға ұсынылады. Қазір елімізде мұндай 70 мың адам бар.
"Олар: көп балалы отбасылар, 1 және 2 топтағы мүгедектер, мүгедек балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар. Осы санаттағы азаматтарға жалға берілетін тұрғын үй құнының жартысын тағайындау көзделеді", - делінген ақпаратта.
"Отбасы банк" оператор ретінде ұсынылған.

Қандай талап қойылады

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарлауынша, өтініш берушілер үшін бірнеше негізгі талап қойылады:
Айта кетері, 26 қаңтарда үкімет тұрғын үйді жалға алғу үшін берілетін төлемдерге қатысты қаулыны қабылдады.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында 25 қаңтарда үкімет индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне азаматтардың әлеуметтік жағынан аз қамтылған санаттарына жеке тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалдау үшін төлемдерді тағайындау және төлеу тәртібін айқындау жөнінде өкілеттіктер беретін қаулы қабылдады", - делінген ресми хабарламада.
Осы қаулының негізінде министрлік баспанаға аса мұқтаж азаматтарға тұрғын үйді жалға алғаны үшін төлем тағайындау және оны төлеу қағидаларын бекітеді.
Оқи отырыңыз: "7-20-25" және "Баспана хит" ипотекасын төлеу мерзімі үш айға ұзартылды