https://sputnik.kz/20220126/Arendalyk-iy-ukimet-19217390.html
Жалға алынған үйдің ақысы өтеледі – үкімет қаулы қабылдады
Жалға алынған үйдің ақысы өтеледі – үкімет қаулы қабылдады
Sputnik Қазақстан
Осы қаулының негізінде министрлік баспанаға аса мұқтаж азаматтарға тұрғын үйді жалға алғаны үшін төлем тағайындау және оны төлеу қағидаларын бекітетін болады 26.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-26T09:25+0500
2022-01-26T09:25+0500
2022-02-01T13:05+0500
қоғам
https://sputnik.kz/img/482/56/4825642_0:273:3072:2001_1920x0_80_0_0_fd6266f7862d0372503e32d8937b812b.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 26 қаңтар – Sputnik. Үкімет тұрғын үйді жалға алғу үшін берілетін төлемдерге қатысты қаулыны қабылдады."Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында 25 қаңтарда үкімет индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне азаматтардың әлеуметтік жағынан аз қамтылған санаттарына жеке тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалдау үшін төлемдерді тағайындау және төлеу тәртібін айқындау жөнінде өкілеттіктер беретін қаулы қабылдады", - делінген ресми хабарламада. Осы қаулының негізінде министрлік баспанаға аса мұқтаж азаматтарға тұрғын үйді жалға алғаны үшін төлем тағайындау және оны төлеу қағидаларын бекітетін болады.Айта кетері, 2020 жылғы жолдауда президент Қасым-Жомарт Тоқаев арендалық төлемді субсидиялау тетігін енгізуді тапсырған болатын. Онымен әкімдіктің баспана кезегінде тұрған мыңдаған адам қамтылады деп жоспарланған.Сол кездегі индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов жаңа бастаманы іске асыру жобасын да таныстырды. Оған сәйкес, арендалық төлемнің 70-80 проценті бюджет есебінен өтеледі.Жалға алынатын баспанаға қатысты талап та болады деген. Атап айтқанда, арендалық үйдің ауданы 40-80 шаршы метр болуы шарт.Ал отбасының табысы әрбір мүшесіне шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспауға тиіс.Атамқұлов жылдың соңына дейін нақты шешім шығарылады деп айтқан.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/482/56/4825642_341:0:3072:2048_1920x0_80_0_0_39ba42fa4f64c91f1e8fd557565f4283.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жалға алынған үйдің ақысы өтеледі – үкімет қаулы қабылдады
09:25 26.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Осы қаулының негізінде министрлік баспанаға аса мұқтаж азаматтарға тұрғын үйді жалға алғаны үшін төлем тағайындау және оны төлеу қағидаларын бекітетін болады
НҰР-СҰЛТАН, 26 қаңтар – Sputnik. Үкімет тұрғын үйді жалға алғу үшін берілетін төлемдерге қатысты қаулыны қабылдады.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында 25 қаңтарда үкімет индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне азаматтардың әлеуметтік жағынан аз қамтылған санаттарына жеке тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалдау үшін төлемдерді тағайындау және төлеу тәртібін айқындау жөнінде өкілеттіктер беретін қаулы қабылдады", - делінген ресми хабарламада.
Осы қаулының негізінде министрлік баспанаға аса мұқтаж азаматтарға тұрғын үйді жалға алғаны үшін төлем тағайындау және оны төлеу қағидаларын бекітетін болады.
Айта кетері, 2020 жылғы жолдауда президент Қасым-Жомарт Тоқаев арендалық төлемді субсидиялау тетігін енгізуді тапсырған болатын. Онымен әкімдіктің баспана кезегінде тұрған мыңдаған адам қамтылады деп жоспарланған.
Сол кездегі индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов жаңа бастаманы іске асыру жобасын да таныстырды. Оған сәйкес, арендалық төлемнің 70-80 проценті бюджет есебінен өтеледі.
Жалға алынатын баспанаға қатысты талап та болады деген. Атап айтқанда, арендалық үйдің ауданы 40-80 шаршы метр болуы шарт.
Ал отбасының табысы әрбір мүшесіне шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспауға тиіс.
Атамқұлов жылдың соңына дейін нақты
шешім шығарылады деп айтқан.