НҰР-СҰЛТАН, 26 қаңтар – Sputnik. Ержан Сәденов ішкі істер министрінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
"Мемлекет басшысының өкімімен Ержан Сапарбекұлы Сәденов Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген өкім мәтінінде.
Сондай-ақ президент өкімімен Арыстанғани Заппаров ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.
Айта кетері, 2019 жылдан бері Ержан Сәденов Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментін басқарды.