Қоғам

Тоқаев ішкі істер министрінің орынбасарын тағайындады

© Photo : пресс-служба министерства внутренних дел Республики КазахстанГлава департамента полиции Нур-Султана Ержан Саденов
Глава департамента полиции Нур-Султана Ержан Саденов - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.01.2022
Жазылу
Бұған дейін Ержан Сәденов Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментін басқарды
НҰР-СҰЛТАН, 26 қаңтар – Sputnik. Ержан Сәденов ішкі істер министрінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
"Мемлекет басшысының өкімімен Ержан Сапарбекұлы Сәденов Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген өкім мәтінінде.
Сондай-ақ президент өкімімен Арыстанғани Заппаров ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.
Айта кетері, 2019 жылдан бері Ержан Сәденов Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментін басқарды.
Жаңалықтар
0