НҰР-СҰЛТАН, 26 қаңтар – Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық пен өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері талқыланды.
COVID-19 індетінің таралуына қарсы күрес және екі елдің экономикасы үшін пандемияның теріс салдарын жою жөніндегі бірлескен шараларға ерекше назар аударылды.
2021 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қазақстан мен РФ арасындағы екіжақты сауда-саттық 30%-ке артып, 21,8 миллиард долларға жетті. Пандемияға дейінгі 2019 жылмен салыстырғанда сауда көлемі 21%-ке өсті.
Бұған дейін Ресей үкіметінің төрағасы Әлихан Смайыловты Қазақстан Республикасының премьер-министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтаған болатын.