https://sputnik.kz/20220111/Resey-premer-ministr-Smayylov-19119840.html
Ресей премьер-министрі Әлихан Смайыловқа қоңырау шалды
Ресей премьер-министрі Әлихан Смайыловқа қоңырау шалды
Sputnik Қазақстан
Мишустин Әлихан Смайыловты Қазақстан Республикасының премьер-министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтады 11.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-11T19:07+0500
2022-01-11T19:07+0500
2022-02-01T13:05+0500
қоғам
премьер-министр
әлихан смайылов
https://sputnik.kz/img/07e6/01/0b/19119612_0:0:1592:900_1920x0_80_0_0_986d88ea1d06809e44b34f78d54f70a0.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар – Sputnik. Қазақстан Республикасының премьер-министрі Әлихан Смайылов Ресей Федерациясы үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады ҚР премьер-министрінің сайтыМихаил Мишустин Әлихан Смайыловты Қазақстан Республикасының премьер-министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтады. Тараптар стратегиялық әріптестікті екіжақты және көпжақты форматта одан әрі нығайтуға әзір екендіктерін білдірді."Қазақстан үкіметі Ресей Федерациясымен стратегиялық серіктестікті тереңдету бағытын берік ұстанады. Сізбен бірге екіжақты күн тәртібінің барлық саласы бойынша Қазақстан-Ресей қарым-қатынасына тән мазмұнды және тұрақты диалогты әрі қарай жалғастыра береміз деп үміттенемін. Біз бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыруға барынша дайынбыз", — деді Әлихан Смайылов.Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық және өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.Ресей – Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық серіктесі. Осы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымының көлемі 30%-ке артып, $19,5 млрд-қа жетті.Бұл ретте сауда құрылымын әртараптандыруда ілгерілеушілік байқалып отыр – Қазақстанның экспорт көлемі 39,4%-ке, оның ішінде өңделген өнім экспорты 47,7%-ке өсті. 2019 жылғы пандемияға дейінгі кезеңмен салыстырғанда сауда көлемі де 21%-тен астамға өсті..
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/0b/19119612_0:0:1432:900_1920x0_80_0_0_efb24491f519a2cee01145ef9e75bf5e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
премьер-министр, әлихан смайылов
премьер-министр, әлихан смайылов
Ресей премьер-министрі Әлихан Смайыловқа қоңырау шалды
19:07 11.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Мишустин Әлихан Смайыловты Қазақстан Республикасының премьер-министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтады
НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар – Sputnik. Қазақстан Республикасының премьер-министрі Әлихан Смайылов Ресей Федерациясы үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады ҚР премьер-министрінің сайты
Михаил Мишустин Әлихан Смайыловты Қазақстан Республикасының премьер-министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтады. Тараптар стратегиялық әріптестікті екіжақты және көпжақты форматта одан әрі нығайтуға әзір екендіктерін білдірді.
"Қазақстан үкіметі Ресей Федерациясымен стратегиялық серіктестікті тереңдету бағытын берік ұстанады. Сізбен бірге екіжақты күн тәртібінің барлық саласы бойынша Қазақстан-Ресей қарым-қатынасына тән мазмұнды және тұрақты диалогты әрі қарай жалғастыра береміз деп үміттенемін. Біз бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыруға барынша дайынбыз", — деді Әлихан Смайылов.
Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық және өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Ресей – Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық серіктесі. Осы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымының көлемі 30%-ке артып, $19,5 млрд-қа жетті.
Бұл ретте сауда құрылымын әртараптандыруда ілгерілеушілік байқалып отыр – Қазақстанның экспорт көлемі 39,4%-ке, оның ішінде өңделген өнім экспорты 47,7%-ке өсті. 2019 жылғы пандемияға дейінгі кезеңмен салыстырғанда сауда көлемі де 21%-тен астамға өсті.