Қоғам

Президент сынынан кейін ҚДБ басшысы қызметінен кетті

25 қаңтардан бастап төрағаның орынбасары қызметін атқарған Сандуғаш Кенжебаева басшының міндетін атқарады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 25 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның даму банкінің басқарма төрағасының өкілеттілігі тоқтатылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан банктің ресми сайтына сілтеме жасап.
"Жалғыз акционердің ("Бәйтерек" ҰБХ" АҚ) 24 қаңтардағы шешімімен Абай Сарқұловтың "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ басқарма төрағасы және директорлар кеңесінің мүшесі ретіндегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды", - делінген ресми хабарламада.
25 қаңтардан бастап төрағаның орынбасары қызметін атқарған Сандуғаш Кенжебаева басшының міндетін атқарады.
40 жастағы Сарқұлов банктегі еңбек жолын 2007 жылы наурыз айында инфрақұрылымдық жобаларды кредиттеу басқармасының менеджері ретінде бастаған. Басқарма төрағасының орынбасарына дейін көтерілді. Ал 2017 жылдың ақпаны мен 2019 жылғы сәуір аралығында "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ-сын басқарды. 2019 жылдың сәуірінде Қазақстаның даму банкінің басқарма төрағалығына тағайындалды. Оған дейін осы қызметті Болат Жәмішев атқарды.
Айта кетері, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның даму банкін сынға алған болатын.
"ҚДБ белгілі бір адамдарға қызмет көрсететін жеке меншік банкке айналды. Олар қаржы-өндірістік және құрылыс топтарынын атынан шығып жатады. Біз әрбіреуінің аты-жөнін білеміз. Олар жоғары кабинеттерге емін-еркін кіре алатынын біледі. Осыны пайдаланып, өз жобаларын іске асыру үшін ерекше жеңілдіктерді алады. Дәл сол жобаларға мемлекеттің ресурстары да жұмсалады. Оны шағын және орта бизнеске салуға болатын еді", - деді Тоқаев мәжілістің жалпы отырысында.
Президент Қазақстанның даму банкінің қызметін қайта қарап шығуды тапсырды. Үкімет мемлекеттік қолдау шараларының тәртібін өзгертуге тиіс. Негізгі міндет – қыруар қаржының тиімділігі мен ашықтығы. Әсіресе, аймақтардағы шағын және орта бизнестің дамуына басымдық берілуі шарт.

Қазақстанның даму банк немен айналысады?

"Қазақстанның Даму банкі" АҚ-сы 2000 жылы 28 желтоқсанда сол кездегі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен құрылған болатын.
"Банктің миссиясы - елдің шикізаттық емес секторын қаржыландыру арқылы ұлттық экономиканың тұрақты дамуына қолдау көрсету", - делінген банктің ресми сайтында.
Банк бизнеспен әріптестік орнатудың арқасында бәсекеге қабілетті өнімнің үлесін арттыруға, экспортталатын тауарлардың номенклатурасын кеңейтуге, сонымен қатар елдің тұрақты экономикалық өсуін қамтамасыз етуге басымдық беруді көздейді.
Мақсаты: