Экономика

Президент "достарына жағдай жасайтын" банктің жұмысын өзгертуді тапсырды

© Sputnik / Владислав ВодневБанк развития Казахстана
Банк развития Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.01.2022
Жазылу
Осы орайда президенті Қазақстанның даму банкін мысалға келтірді
НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның даму банкін сынға алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Бүгінде мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігі мен қолжетімді болуына қатысты әділ әрі орынды сұрақтар жиі қойылады. Қазіргі жүйе "барлығы - достарға, қалғандар заң бойынша алсын" деген қағидамен ірі құрылымдарға қызмет көрсетуді ғана көздейді. Негізі, ондай жүйе экономикадағы олигополияны одан да күшейтіп отыр. Осылайша ірі кәсіпорындар ерекше артықшылықтарын пайдаланып, бәсекелестікті бәсеңдетеді, нақты реформаларды іске асыруға кедергі жасайды", - деді Тоқаев мәжілістің бүгінгі отырысында.
Осы орайда президенті Қазақстанның даму банкін мысалға келтірді.
"ҚДБ белгілі бір адамдарға қызмет көрсететін жеке меншік банкке айналды. Олар қаржы-өндірістік және құрылыс топтарынын атынан шығып жатады. Біз әрбіреуінің аты-жөнін білеміз. Олар жоғары кабинеттерге емін-еркін кіре аламтынын біледі. Осыны пайдаланып, өз жобаларын іске асыру үшін ерекше жеңілдіктерді алады. Дәл сол жобаларға мемлекеттің ресурстары да жұмсалады. Оны шағын және орта бизнеске салуға болатын еді", - деп атап көрсетті мемлекет басшысы.
Президент Қазақстанның даму банкінің қызметін қайта қарап шығуды тапсырды. Үкімет мемлекеттік қолдау шараларының тәртібін өзгерту тиіс. Негізгі міндет – қыруар қаржының тиімділігі мен ашықтығы. Әсіресе, аймақтардағы шағын және орта бизнестің дамуына басымдық берілуі шарт.

Қазақстанның даму банк немен айналысады?

"Қазақстанның Даму банкі" АҚ-сы 2000 жылы 28 желтоқсанда сол кездегі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен құрылған болатын.
"Банктің миссиясы - елдің шикізаттық емес секторын қаржыландыру арқылы ұлттық экономиканың тұрақты дамуына қолдау көрсету", - делінген банктің ресми сайтында.
Банк бизнеспен әріптестік орнатудың арқасында бәсекеге қабілетті өнімнің үлесін арттыруға, экспортталатын тауарлардың номенклатурасын кеңейтуге, сонымен қатар елдің тұрақты экономикалық өсуін қамтамасыз етуге басымдық беруді көздейді.
Мақсаты:
  • мемлекеттік инвестициялық қызметтің тиімділігін жетілдіру мен арттыру;
  • өндірістік инфрақұрылым мен өңдеуші өнеркәсіпті дамыту;
  • елдің экономикасына сыртқы және ішкі инвестицияларды тартуға көмектесу.

Оқи отырыңыз: 

Утилизациялық алымның мөлшері қайта қаралады – Тоқаев тапсырма берді
Тоқаев мәжілісте халықтың кредиті жайлы айтты
 
Жаңалықтар
0