НҰР-СҰЛТАН, 24 қаңтар – Sputnik. Түркістан облысының құтқарушылары дәретхана шұңқырына құлаған баланы құтқарды.
ТЖМ баспасөз қызметінің ақпаратынша, оқиға 23 қаңтарда Түркістан облысы Ордабасы ауданы Темірлан ауылында болды. 2016 жылғы бала үйдің ауласында тереңдігі 4 метр дәретхана шұңқырына құлап кеткен.
Оқиға орнына Түркістан облысы ТЖ департаментінің 5 құтқарушысы мен жедел жәрдем бригадасының 3 қызметкері аттанды.
"Құтқарушылар сағат 14:14-те шұңқырға құлап кеткен баланы құтқару арқанының көмегімен шығарып, дәрігерлерге тапсырды", - делінген хабарламада.
Қазір бала үйінде, жағдайы тұрақты, деп нақтылады ведомство.
ТЖ министрлігі ата-аналардан және ересектерден балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.