Қоғам

Нәжіс иығынан келген: Тоқаев 2 баланы құтқарған сақшыны марапаттады

© Sputnik / Абзал КалиевПолицейская форма
Полицейская форма  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.12.2021
Жазылу
Нұрдаулет Еділов арнайы Нұр-Сұлтан қаласына шақырылып, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен "Ерлігі үшін" медалін тақты
НҰР-СҰЛТАН, 30 желтоқсан – Sputnik. Дәретханаға түсіп кеткен екі бірдей баланы құтқарған сарыағаштық сақшы марапатталды,  деп хабарлады Polisia.kz.
Бұл оқиға былтыр мамыр айында болды. Сарыағаш ауданы полиция бөлімінің 102 нөміріне әйел адам хабарласып, үйінің ауласындағы дәретханаға өзінің үш жасар ұлы мен 10 жастағы қызының абайсызда түсіп кеткенін айтып көмек сұраған.
Хабарламаны бірінші болып алған учаскелік полиция инспекторлары Нұрдаулет Еділов, Асыл Ережепов пен Айсұлтан Сапар оқиға орнына аттанды. Олар екі минут ішінде тұрғынның үйіне жетті.
Балалардың өміріне қауіп төніп тұрды, 5 метрлік әжетхана ішіндегі нәжіс 10 жастағы қыздың иығынан келіп тұрды. Жасөспірім үш жасар інісі нәжіске батып кетпеуі үшін көтеріп алған. Полицейлер құтқарудан кешіксе, балалар иістен уланып мерт болуы да мүмкін еді, сондықтан олар жедел түрде әрекет етіп, бетоннан жасалған әжетхана еденін темір құралмен бұзды. Полиция капитаны Нұрдәулет Еділов 5 метр тереңдіктегі әжетхана ішіне түсіп, балаларды алып шықты.
Риясыз алғысқа бөленген сақшы Нұрдаулет Еділов арнайы Нұр-Сұлтан қаласына шақырылып, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды. Бүгінде учаскелік инспектор Нұрдәулет әріптестерімен бірге 21 000 тұрғыны бар Қапланбек ауылдық округінде қызмет етеді.
Оқи отырыңыз: Маңғыстау облысында бір жасар бала даладағы дәретханаға құлап кетті 
Жаңалықтар
0