Қаңтар оқиғасы

Алматыда зардап шеккендерге өтемақы беріле бастайды  

Сонымен қатар төтенше жағдай кезінде жұмыс істеген мыңдаған адамға 100 мың теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетіледі
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 24 қаңтар – Sputnik. Алматыдағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде зардап шеккен жеке тұлғаларға бүгіннен бастап өтемақы беріледі. Бұл туралы қаланың тыныс-тіршілігін қалпына келтіру жөніндегі қалалық штаб отырысында әкімнің орынбасары Ілияс Өсеров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Төлемдер алдымен мемлекеттік органдар, ауруханалар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне беріледі. Барлығы – 603 адам. Олар: 
Өтемақы бірнеше санат бойынша жарақаттың ауырлығына қарай беріледі. Атап айтқанда, ауыр дәрежеде - 2 миллион теңге, орташа дәрежеде – 1 миллион теңге, ал жеңіл жарақт болса, 500 мың теңге төленеді.
Бұдан бөлек, төтенше жағдай кезінде жұмыс істеген мыңдаған адамға 100 мың теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетіледі. Олар:
"Бүгін тиісті құжаттар қазынашылыққа жіберіліп, түстен кейін алғашқы төлемдер жасалады", - деді Өсеров.
Ал тиісті тергеу шаралары аяқталғаннан кейін полиция департаментіне зақымдалған автокөліктер үшін 200 миллион теңге мөлшерінде бастапқы сома аударылады.