https://sputnik.kz/20220124/Almaty-tolemaqy-19202809.html
Алматыда зардап шеккендерге өтемақы беріле бастайды
Алматыда зардап шеккендерге өтемақы беріле бастайды
Sputnik Қазақстан
Сонымен қатар төтенше жағдай кезінде жұмыс істеген мыңдаған адамға 100 мың теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетіледі 24.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-24T10:19+0500
2022-01-24T10:19+0500
2022-05-23T15:27+0500
өтемақы
алматы
тәртіпсіздік
қаңтар оқиғасы
https://sputnik.kz/img/1281/12/12811295_81:0:3722:2048_1920x0_80_0_0_8af51f4232d38d5129204a16a67d5ed9.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 24 қаңтар – Sputnik. Алматыдағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде зардап шеккен жеке тұлғаларға бүгіннен бастап өтемақы беріледі. Бұл туралы қаланың тыныс-тіршілігін қалпына келтіру жөніндегі қалалық штаб отырысында әкімнің орынбасары Ілияс Өсеров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Төлемдер алдымен мемлекеттік органдар, ауруханалар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне беріледі. Барлығы – 603 адам. Олар: Өтемақы бірнеше санат бойынша жарақаттың ауырлығына қарай беріледі. Атап айтқанда, ауыр дәрежеде - 2 миллион теңге, орташа дәрежеде – 1 миллион теңге, ал жеңіл жарақт болса, 500 мың теңге төленеді.Бұдан бөлек, төтенше жағдай кезінде жұмыс істеген мыңдаған адамға 100 мың теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетіледі. Олар:"Бүгін тиісті құжаттар қазынашылыққа жіберіліп, түстен кейін алғашқы төлемдер жасалады", - деді Өсеров.Ал тиісті тергеу шаралары аяқталғаннан кейін полиция департаментіне зақымдалған автокөліктер үшін 200 миллион теңге мөлшерінде бастапқы сома аударылады.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1281/12/12811295_536:0:3267:2048_1920x0_80_0_0_194dbb3cac39f4caa96fbcd2cae2f384.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өтемақы, алматы, тәртіпсіздік
өтемақы, алматы, тәртіпсіздік
Алматыда зардап шеккендерге өтемақы беріле бастайды
10:19 24.01.2022 (жаңартылды: 15:27 23.05.2022) Сонымен қатар төтенше жағдай кезінде жұмыс істеген мыңдаған адамға 100 мың теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетіледі
НҰР-СҰЛТАН, 24 қаңтар – Sputnik. Алматыдағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде зардап шеккен жеке тұлғаларға бүгіннен бастап өтемақы беріледі. Бұл туралы қаланың тыныс-тіршілігін қалпына келтіру жөніндегі қалалық штаб отырысында әкімнің орынбасары Ілияс Өсеров мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Төлемдер алдымен мемлекеттік органдар, ауруханалар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне беріледі. Барлығы – 603 адам. Олар:
- құқық қорғау органдарының қызметкері – 592;
- төтенше жағдайлар департаментінің мамандары - 1 адам;
- жергілікті атқарушы органдардың 3 қызметкері;
- "Алматы" телеарнасының 1 қызметкері;
- медициналық ұйымдардың 6 маманы.
Өтемақы бірнеше санат бойынша жарақаттың ауырлығына қарай беріледі. Атап айтқанда, ауыр дәрежеде - 2 миллион теңге, орташа дәрежеде – 1 миллион теңге, ал жеңіл жарақт болса, 500 мың теңге төленеді.
Бұдан бөлек, төтенше жағдай кезінде жұмыс істеген мыңдаған адамға 100 мың теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетіледі. Олар:
- полиция департаментінің 3878 қызметкері;
- төтенше жағдайлар департаментінің 1207 қызметкері;
- қоғамдық денсаулық басқармасының 3888 қызметкері;
- құтқару қызметінің 93 маманы.
"Бүгін тиісті құжаттар қазынашылыққа жіберіліп, түстен кейін алғашқы төлемдер жасалады", - деді Өсеров.
Ал тиісті тергеу шаралары аяқталғаннан кейін полиция департаментіне зақымдалған автокөліктер үшін 200 миллион теңге мөлшерінде бастапқы сома аударылады.