Сарбаздар ең алдымен медициналық тексеруден өтіп, туыстары мен жақындарына қоңырау шалды.
Жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес енді олар теориялық және практикалық сабақтарға кіріспек.
Еске сала кетейік, қаңтар айының басында Алматыда бейбіт митингінің соңы лаңкестік әрекетке ұласты. Көшеге шыққандар полиция көліктерін қиратып, әкімшілік ғимараттарды өртеп жіберді. Алматы полиция департаментінің ғимаратына шабуыл жасады. Содырлар тіпті Ақорданы да басып алуды жоспарлаған. Алайда елордаға үш әскери көлік ұшағының келгенін естіп, бұл жоспарынан бас тартқан.
Осы оқиғалардан кейін президент ҰҚШҰ-дан көмек сұрады. Осылайша Қазақстанға 2 мыңнан аса ҰҚШҰ күштері мен 250 техника кіргізілді. Олар стратегиялық маңызды объектілерді күзетті.
19 қаңтарда бітімгершілік операциясы аяқталды. Ресей Федерациясы Қарулы күштерінің соңғы бөлімшесі және Ұжымдық бітімгершілік күштерінің қолбасшылығы Алматыдан тұрақты орналасу пунктеріне аттанды. Қазіргі таңда бүкіл әскери контингент толық шығарылды.