https://sputnik.kz/20220122/blok-beketter-askeri-qyzmetshiler-video-19195938.html
Блок бекеттерде тұрған әскери қызметшілер өз бөлімшесіне оралды – видео
Блок бекеттерде тұрған әскери қызметшілер өз бөлімшесіне оралды – видео
Sputnik Қазақстан
Маңғыстау облысында Теңіз жаяу әскерлері бригадасының әскери қызметшілері блок бекеттерден тұрақты орналасу пунктіне оралды 22.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-22T09:16+0500
2022-01-22T09:16+0500
2022-02-01T13:05+0500
мультимедиа
видео
https://sputnik.kz/img/07e6/01/16/19195874_198:0:2100:1075_1920x0_80_0_0_23a93538a3122d6c29629f1306d9ec9a.png
Сарбаздар ең алдымен медициналық тексеруден өтіп, туыстары мен жақындарына қоңырау шалды.Жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес енді олар теориялық және практикалық сабақтарға кіріспек.Еске сала кетейік, қаңтар айының басында Алматыда бейбіт митингінің соңы лаңкестік әрекетке ұласты. Көшеге шыққандар полиция көліктерін қиратып, әкімшілік ғимараттарды өртеп жіберді. Алматы полиция департаментінің ғимаратына шабуыл жасады. Содырлар тіпті Ақорданы да басып алуды жоспарлаған. Алайда елордаға үш әскери көлік ұшағының келгенін естіп, бұл жоспарынан бас тартқан.Осы оқиғалардан кейін президент ҰҚШҰ-дан көмек сұрады. Осылайша Қазақстанға 2 мыңнан аса ҰҚШҰ күштері мен 250 техника кіргізілді. Олар стратегиялық маңызды объектілерді күзетті.19 қаңтарда бітімгершілік операциясы аяқталды. Ресей Федерациясы Қарулы күштерінің соңғы бөлімшесі және Ұжымдық бітімгершілік күштерінің қолбасшылығы Алматыдан тұрақты орналасу пунктеріне аттанды. Қазіргі таңда бүкіл әскери контингент толық шығарылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/16/19195874_390:0:2100:1075_1920x0_80_0_0_55182fbbdcdefa28548afd301aac661a.pngSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мультимедиа
Блок бекеттерде тұрған әскери қызметшілер өз бөлімшесіне оралды – видео
09:16 22.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Маңғыстау облысында Теңіз жаяу әскерлері бригадасының әскери қызметшілері блок бекеттерден тұрақты орналасу пунктіне оралды
Сарбаздар ең алдымен медициналық тексеруден өтіп, туыстары мен жақындарына қоңырау шалды.
Жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес енді олар теориялық және практикалық сабақтарға кіріспек.
Еске сала кетейік, қаңтар айының басында Алматыда бейбіт митингінің соңы лаңкестік әрекетке ұласты. Көшеге шыққандар полиция көліктерін қиратып, әкімшілік ғимараттарды өртеп жіберді. Алматы полиция департаментінің ғимаратына шабуыл жасады. Содырлар тіпті Ақорданы да басып алуды жоспарлаған. Алайда елордаға үш әскери көлік ұшағының келгенін естіп, бұл жоспарынан бас тартқан.
Осы оқиғалардан кейін президент ҰҚШҰ-дан көмек сұрады. Осылайша Қазақстанға 2 мыңнан аса ҰҚШҰ күштері мен 250 техника кіргізілді. Олар стратегиялық маңызды объектілерді күзетті.
19 қаңтарда бітімгершілік операциясы аяқталды. Ресей Федерациясы Қарулы күштерінің соңғы бөлімшесі және Ұжымдық бітімгершілік күштерінің қолбасшылығы Алматыдан тұрақты орналасу пунктеріне аттанды. Қазіргі таңда бүкіл әскери контингент толық шығарылды.