Білім

Оқушылар мен студенттер қалай оқиды – жаңа қаулы

Қазақстанда оқушылар мен студенттер қалай білім алатыны бас санитар дәрігердің қаулысында көрсетілген
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 21 қаңтар — Sputnik. Бас мемлекеттік санитар дәрігердің жаңа қаулысында білім ұйымдары қалай жұмыс істейтіні жазылған. 
Құжатқа сәйкес, облыс әкімдері, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары әкімдері мен білім және ғылым министрлігі мынадай оқу форматын анықтауға тиіс:
- бастауыш 1-4 сыныптар (халықаралық мектептерде 1-6 сыныптар) – штаттық форматта;
- 600 оқушыға дейінгі – штаттық форматта;
- 600 оқушыдан көп болса – штаттық форматта (мектептің жобалық сыйымдылығының 50 процентінен аспауға тиіс);
Білім беру ұйымы әкімшілігінің қалауы бойынша вакцинациялаудың толық курсын алған оқушыларды штаттық форматта оқытуға мүмкіндік бар.
Қаулы 21 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты