https://sputnik.kz/20220121/bas-sanitar-dariger-qauly-19194961.html
Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты
Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты
Sputnik Қазақстан
Қазақстанның мемлекеттік шекарасында автомобиль өткізу жолдарында өткізу пункттері арқылы Қазақстан Республикасына COVID-19-дың бар-жоғы туралы анықтамасыз... 21.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-21T17:39+0500
2022-01-21T17:39+0500
2022-02-01T13:05+0500
қоғам
дәрігер
https://sputnik.kz/img/07e5/09/08/18071269_0:32:2950:1691_1920x0_80_0_0_14d7b96b01a117b701cb097df8a76348.jpg
АЛМАТЫ, 21 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның бас санитар дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Соған сәйкес, Қазақстанның мемлекеттік шекарасында автомобиль өткізу жолдарында өткізу пунктері арқылы елге COVID-19-дың бар-жоғы туралы анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары карантиндік стационарға жіберіледі.Сондай-ақ, жетім балаларды асырап алу мақсатында балалар үйіне баруға рұқсат етіледі. Ол үшін азаматтың коронавирустың бар-жоғын анықтайтын ПТР тест тапсырғанына 3 тәуліктен аспауы қажет немесе вакцинация немесе ревакцинациядан өткенін растайтын құжаты болуы керек. Мұндай жағдайда вакцинаның толық курсын салдырғанына 6 айдан аспағаны жөн. Соңғы 3 айда COVID-19 инфекциясымен ауырғанын растайтын құжатын көрсете алады.Дәл осындай талаптар медициналық-әлеуметтік нысандарға (қарттар, мүгедектер үйі, балалар үйі) баруға мүмкіндік береді.Құжатқа сәйкес, босану процесіне серіктес ретінде ПТР арқылы коронавирустың жоқ екенін көрсететін анықтамамен қатысуға болады. Мұндай жағдайда анықтаманың жарамдылық мерзімі 3 тәуліктен аспайды.Қаулының толық мәтінін мына жерден оқуға болады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/08/18071269_122:0:2851:2047_1920x0_80_0_0_e400788a31f90967198cb06b1ae32573.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дәрігер
Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты
17:39 21.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Қазақстанның мемлекеттік шекарасында автомобиль өткізу жолдарында өткізу пункттері арқылы Қазақстан Республикасына COVID-19-дың бар-жоғы туралы анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары карантиндік стационарға орналастырылады
АЛМАТЫ, 21 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның бас санитар дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Соған сәйкес, Қазақстанның мемлекеттік шекарасында автомобиль өткізу жолдарында өткізу пунктері арқылы елге COVID-19-дың бар-жоғы туралы анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары карантиндік стационарға жіберіледі.
Сондай-ақ, жетім балаларды асырап алу мақсатында балалар үйіне баруға рұқсат етіледі. Ол үшін азаматтың коронавирустың бар-жоғын анықтайтын ПТР тест тапсырғанына 3 тәуліктен аспауы қажет немесе вакцинация немесе ревакцинациядан өткенін растайтын құжаты болуы керек. Мұндай жағдайда вакцинаның толық курсын салдырғанына 6 айдан аспағаны жөн. Соңғы 3 айда COVID-19 инфекциясымен ауырғанын растайтын құжатын көрсете алады.
Дәл осындай талаптар медициналық-әлеуметтік нысандарға (қарттар, мүгедектер үйі, балалар үйі) баруға мүмкіндік береді.
Құжатқа сәйкес, босану процесіне серіктес ретінде ПТР арқылы коронавирустың жоқ екенін көрсететін анықтамамен қатысуға болады. Мұндай жағдайда анықтаманың жарамдылық мерзімі 3 тәуліктен аспайды.
Қаулының толық мәтінін
мына жерден оқуға болады.