Қоғам

Мектептерге 24 қаңтардан бастап офлайн жұмыс істеуге рұқсат етілді

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК отырысын өткізді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда бірқатар білім беру ұйымына офлайн оқытуға рұқсат етіледі, бұл туралы ведомствоаралық комиссияның отырысында белгілі болды. Кейінірек білім министрлігі мектептер дәстүрлі оқыту форматына 24 қаңтардан бастап көшірілетінін мәлім етті.
ВАК талқылауының қорытындысы бойынша оқытудың штаттық форматына рұқсат беру ұсынылды:
Орта білім беру ұйымдарында, колледждерде, жоғары оқу орындарында барлық білім алушыларды қашықтан оқыту форматына ауыстыру карантин режимін бұзу оқиғалары анықталған кезде қолданылады.  
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният соңғы аптада эпидемиологиялық ахуал орташа есеппен 5,6 есе нашарлағанын атап өтті.
Науқастардың саны Қарағанды облысында 28 есе, Алматы облысында 11 есе, Атырау, Ақмола облыстарында және Алматы қаласында 9-9,5 есе өскен.
Вице-премьер Ералы Тоғжанов инфекцияның таралуын тежеу үшін азаматтарды вакцинациялау және реакцинациялау қарқынын күшейтуді тапсырды, деп хабарлады үкіметтің сайты.
Сондай-ақ ведомствоаралық комиссия коронавирус инфекциясын емдеу үшін жаңа дәрілік препараттарды ерекше жағдайларда қолдануды қолдады.