Мектептерге 24 қаңтардан бастап офлайн жұмыс істеуге рұқсат етілді
20:54 19.01.2022 (жаңартылды: 12:11 10.08.2023)
© Sputnik / Абзал КалиевУчитель в маске и перчатках в дежурном классе
© Sputnik / Абзал Калиев
Жазылу
Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК отырысын өткізді
НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда бірқатар білім беру ұйымына офлайн оқытуға рұқсат етіледі, бұл туралы ведомствоаралық комиссияның отырысында белгілі болды. Кейінірек білім министрлігі мектептер дәстүрлі оқыту форматына 24 қаңтардан бастап көшірілетінін мәлім етті.
ВАК талқылауының қорытындысы бойынша оқытудың штаттық форматына рұқсат беру ұсынылды:
- мектепке дейінгі ұйымдарда – ата-аналардың өтініші бойынша ("қызыл", "сары", "жасыл" аймақтарда);
- оқушы саны 600-ге дейін (қоса алғанда) жалпы білім беретін мектептерде;
- оқушы саны 600-ден асатын жалпы білім беретін мектептерде – жобалық қуаттың 50%-нен аспайтын жүктемемен;
- жалпы білім беретін мектептерде – бастауыш 1-4 сыныптар (халықаралық мектептерде 5-6 сыныптарды қоса алғанда);
- мектептен тыс ұйымдарда – жеке сабақтар, топтық сабақтар – 15 адамға дейін,
- мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған түзету кабинеттерінде (орталықтарында), ересектерде – жеке және топтық сабақтар – 8 адамға дейін;
- колледждер мен жоғары оқу орындарында – аралас форматта: практикалық, зертханалық, семинарлық сабақтар, өндірістік практика – икемді график бойынша штаттық режимде, дәрістер – онлайн.
Орта білім беру ұйымдарында, колледждерде, жоғары оқу орындарында барлық білім алушыларды қашықтан оқыту форматына ауыстыру карантин режимін бұзу оқиғалары анықталған кезде қолданылады.
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният соңғы аптада эпидемиологиялық ахуал орташа есеппен 5,6 есе нашарлағанын атап өтті.
Науқастардың саны Қарағанды облысында 28 есе, Алматы облысында 11 есе, Атырау, Ақмола облыстарында және Алматы қаласында 9-9,5 есе өскен.
Вице-премьер Ералы Тоғжанов инфекцияның таралуын тежеу үшін азаматтарды вакцинациялау және реакцинациялау қарқынын күшейтуді тапсырды, деп хабарлады үкіметтің сайты.
Сондай-ақ ведомствоаралық комиссия коронавирус инфекциясын емдеу үшін жаңа дәрілік препараттарды ерекше жағдайларда қолдануды қолдады.