Қоғам

Алматы облысының коменданты мәлімдеме жасады – видео

Ол тұрғындардан заңсыз акцияларға қатыспауды сұрады. 19 қаңтардан бастап облыс аумағында "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу шарасы өтеді
Sputnik
АЛМАТЫ, 18 қаңтар — Sputnik. Алматы облысының коменданты мәлімдеме жасады. Ол азаматтарды заңсыз митингілерге қатыспауға шақырды және облыста террористік қауіптің қызыл деңгейі сақталғанын еске салды.
Серік Кудебавтың айтуынша, 19 қаңтардан бастап облыс аумағында "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу шарасы өтеді.
"Әлеуметтік желілерде кей тұлғалар ертең, яғни 19 қаңтарда заңсыз митингілер мен шерулерге қатысуға шақырып отыр. Осыған байланысты сіздерді митингілерді ұйымдастыру және өткізу тәртібі "ҚР Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңмен реттелетінін жеткіземін. Ұйымдастырушылардан жергілікті атқарушы органдарға бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу туралы тиісті өтініштер түскен жоқ", - деді ол.
Облыс коменданты заңсыз жианлыстарды ұйымдастырып, оған қатысу үшін Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 488-бабы бойынша жауапкершілік қарастырылғанын атап өтті. 
"Егер бұл әрекеттер азаматтардың, ұйымдардың, қоағмның немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірумен қатар жүретін болса, Қылмыстық кодекстің 400-бабы бойынша жауапкершілікке тартылады. Сіздерді заң нормаларын сақтауға, арандатушылыққа бой алдырмауға және заңсыз акцияллардан бас тартуға шақырамыз", - деді Күдебаев.
Комендант құқыққорғау органдары құқықбұзушылықтарға жол бермеу бойынша заңда көзделген шараларды қабылдайтынын атап өтті.