https://sputnik.kz/20220118/almaty-oblysy-komendant-video-19167633.html
Алматы облысының коменданты мәлімдеме жасады – видео
Алматы облысының коменданты мәлімдеме жасады – видео
Sputnik Қазақстан
Ол тұрғындардан заңсыз акцияларға қатыспауды сұрады. 19 қаңтардан бастап облыс аумағында "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу шарасы өтеді 18.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-18T15:29+0500
2022-01-18T15:29+0500
2022-02-01T13:05+0500
қоғам
терроризмге қарсы арнайы операция
https://sputnik.kz/img/556/94/5569487_0:0:2992:1683_1920x0_80_0_0_0696ce875840d2e1a8e90fe768bafe12.jpg
АЛМАТЫ, 18 қаңтар — Sputnik. Алматы облысының коменданты мәлімдеме жасады. Ол азаматтарды заңсыз митингілерге қатыспауға шақырды және облыста террористік қауіптің қызыл деңгейі сақталғанын еске салды.Серік Кудебавтың айтуынша, 19 қаңтардан бастап облыс аумағында "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу шарасы өтеді."Әлеуметтік желілерде кей тұлғалар ертең, яғни 19 қаңтарда заңсыз митингілер мен шерулерге қатысуға шақырып отыр. Осыған байланысты сіздерді митингілерді ұйымдастыру және өткізу тәртібі "ҚР Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңмен реттелетінін жеткіземін. Ұйымдастырушылардан жергілікті атқарушы органдарға бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу туралы тиісті өтініштер түскен жоқ", - деді ол.Облыс коменданты заңсыз жианлыстарды ұйымдастырып, оған қатысу үшін Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 488-бабы бойынша жауапкершілік қарастырылғанын атап өтті. "Егер бұл әрекеттер азаматтардың, ұйымдардың, қоағмның немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірумен қатар жүретін болса, Қылмыстық кодекстің 400-бабы бойынша жауапкершілікке тартылады. Сіздерді заң нормаларын сақтауға, арандатушылыққа бой алдырмауға және заңсыз акцияллардан бас тартуға шақырамыз", - деді Күдебаев.Комендант құқыққорғау органдары құқықбұзушылықтарға жол бермеу бойынша заңда көзделген шараларды қабылдайтынын атап өтті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/556/94/5569487_1167:160:2992:1529_1920x0_80_0_0_c52d45226ba89466c632aea8d31c3093.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
терроризмге қарсы арнайы операция
терроризмге қарсы арнайы операция
Алматы облысының коменданты мәлімдеме жасады – видео
15:29 18.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Ол тұрғындардан заңсыз акцияларға қатыспауды сұрады. 19 қаңтардан бастап облыс аумағында "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу шарасы өтеді
АЛМАТЫ, 18 қаңтар — Sputnik. Алматы облысының коменданты мәлімдеме жасады. Ол азаматтарды заңсыз митингілерге қатыспауға шақырды және облыста террористік қауіптің қызыл деңгейі сақталғанын еске салды.
Серік Кудебавтың айтуынша, 19 қаңтардан бастап облыс аумағында "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу шарасы өтеді.
"Әлеуметтік желілерде кей тұлғалар ертең, яғни 19 қаңтарда заңсыз митингілер мен шерулерге қатысуға шақырып отыр. Осыған байланысты сіздерді митингілерді ұйымдастыру және өткізу тәртібі "ҚР Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңмен реттелетінін жеткіземін. Ұйымдастырушылардан жергілікті атқарушы органдарға бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу туралы тиісті өтініштер түскен жоқ", - деді ол.
Облыс коменданты заңсыз жианлыстарды ұйымдастырып, оған қатысу үшін Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 488-бабы бойынша жауапкершілік қарастырылғанын атап өтті.
"Егер бұл әрекеттер азаматтардың, ұйымдардың, қоағмның немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірумен қатар жүретін болса, Қылмыстық кодекстің 400-бабы бойынша жауапкершілікке тартылады. Сіздерді заң нормаларын сақтауға, арандатушылыққа бой алдырмауға және заңсыз акцияллардан бас тартуға шақырамыз", - деді Күдебаев.
Комендант құқыққорғау органдары құқықбұзушылықтарға жол бермеу бойынша заңда көзделген шараларды қабылдайтынын атап өтті.