НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар – Sputnik. COVID-19 инфекциясына қарсы бір компонентті "Спутник Лайт" препаратының 150 000 дозасы ревакцинациялау үшін "СК-Фармация" хабына жіберілді, деп хабарлады "Қарағанды фармацевтика кешені" ЖШС.
"Бұл партия – коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін "Қарағанды фармацевтика кешені" акционерлерінің шешімімен бөлінген гуманитарлық көмек. Препарат Ресей Федерациясынан жеткізілді", - делінген хабарламада.
Тоңазытқышқа салынған вакцина біртұтас дистрибьютордың логистикалық хабтарына жөнелтілді.
Бүгінде препарат қоймаларға жеткізіліп, одан кейін еліміздің өңірлеріне таратылады.
Оқи отырыңыз: Вакцина салдырған оқушылардың саны жарияланды