Қоғам

Қазақстандықтарды ревакцинациялауға "Спутник Лайттың" 150 мың дозасы жіберілді

© Sputnik / Алексей Даничев / Медиабанкке өтуАмпула с однокомпонентной вакциной "Спутник Лайт"
Ампула с однокомпонентной вакциной Спутник Лайт  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.01.2022
Жазылу
Бұл "Қарағанды ​​фармацевтика кешені" акционерлерінің шешімімен бөлінген гуманитарлық көмек
НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар – Sputnik. COVID-19 инфекциясына қарсы бір компонентті "Спутник Лайт" препаратының 150 000 дозасы ревакцинациялау үшін  "СК-Фармация" хабына жіберілді, деп хабарлады "Қарағанды ​​фармацевтика кешені" ЖШС.
"Бұл партия – коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін "Қарағанды ​​фармацевтика кешені" акционерлерінің шешімімен бөлінген гуманитарлық көмек. Препарат Ресей Федерациясынан жеткізілді", - делінген хабарламада.
Тоңазытқышқа салынған вакцина біртұтас дистрибьютордың логистикалық хабтарына жөнелтілді.  
Бүгінде препарат қоймаларға жеткізіліп, одан кейін еліміздің өңірлеріне таратылады.
Оқи отырыңыз: Вакцина салдырған оқушылардың саны жарияланды
 
Жаңалықтар
0