НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар – Sputnik. Алматының орталығында қару ұстаған екі ер адам ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.
Тәртіп сақшылары 38 және 35 жастағы ер адамдар қару-жарақ дүкендерін тонаған деп есептейді. Оларды криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында Райымбек даңғылы мен Байзақов көшесінің қиылысында ұстады.
Алматы облысынан келген күдіктілерден қару-жарақ дүкенінен тәртіпсіздік кезінде ұрланған "SM12 steyr mannlicher austria" маркалы екі аңшы мылтығы тәркіленді.
Қару мен оқ-дәрілерді ұрлау фактісі бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 291-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тергеліп жатыр. Қару тәркіленді. Күдіктілер қамауға алынды.