НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар – Sputnik. Шымкентте нөсер жауынның салдарынан көшелер мен жолдарды су басты, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда қалалық коммуналдық қызметтер тәулік бойы су сору жұмыстарын атқарып жатыр.
Әл-Фараби ауданында 5 ассенизаторлық машина, 2 мотопомпа құрылғысы және 57 жұмысшы жұмылдырылды. Ауданда санитарлық тазалық жұмыстарын жүйелі жүргізу үшін бөлінген 7 секторда кезекшілік құрылып, бекітілген мамандар өз аумақтарында ирригациялық арықтарды судан тазартуда.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі сондай-ақ бүгінде басты және ішкі орамдық көшелер мен жол бойындағы ирригациялық жүйелер тұрақты бақылауда екенін атап өтті.