Өңірлер

Шымкентте көшелерді су басты

© Photo : Пресс-служба комитета по чрезвычайным ситуациям Подтопление в Енбекшинском районе Шымкента
 Подтопление в Енбекшинском районе  Шымкента - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.01.2022
Жазылу
Қала аумағында су сору жұмыстары жүргізіліп жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар – Sputnik. Шымкентте нөсер жауынның салдарынан көшелер мен жолдарды су басты, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Шымкент қаласының әкімдігі (@akimat_shymkent)

Қазіргі таңда қалалық коммуналдық қызметтер тәулік бойы су сору жұмыстарын атқарып жатыр.
Әл-Фараби ауданында 5 ассенизаторлық машина, 2 мотопомпа құрылғысы және 57 жұмысшы жұмылдырылды. Ауданда санитарлық тазалық жұмыстарын жүйелі жүргізу үшін бөлінген 7 секторда кезекшілік құрылып, бекітілген мамандар өз аумақтарында ирригациялық арықтарды судан тазартуда.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі сондай-ақ бүгінде басты және ішкі орамдық көшелер мен жол бойындағы ирригациялық жүйелер тұрақты бақылауда екенін атап өтті.
Жаңалықтар
0