Қоғам

Нұрлан Мәсімов қызметінен босатылды

Департамент бастығының міндетін полиция полковнигі Жасқайрат Қайыров атқарады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар – Sputnik. Павлодар облысы полиция департаментінің басшысы Нұрлан Мәсімов қызметінен босатылды.
"Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Мәсімов Нұрлан Мырзаханұлы жазған баянатына сәйкес Павлодар облысы полиция департаменті бастығы қызметінен босатылды", - делінген ресми хабарламада.
Департамент бастығының міндетін полиция полковнигі Жасқайрат Қайыров атқарады.
Генерал-майор Нұрлан Мәсімов мемлекетке опасыздық жасады деген айып тағылған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің туысы.

Мәсімовтің еңбек жолы

Нұрлан Мәсімов 1973 жылы Алматы облысының Ақсу ауданындағы Жансүгіров елді мекенінде дүниге келген. 1995 жылы ауыл шаруашылығы институтын тәмамдаған.
Одан кейін ішкі істер министрлігінің училищесінде және Қазақ ұлттық универсететінде білім алды. 2016 жылдан бастап президенттік резервте тұрған.

Оқи отырыңыз: 

Кәрім Мәсімов ҰҚК төрағасы қызметінен босатылды
Тоқаевтың жиені қызметінен босатылды