Алматы – арман қала. Жанға жайлылық сыйлайтын қала көшелері, алыстан менмұндалап тұратын алып Алатау, тарихқа толы ғимараттар мен елге еңбегі сіңген азаматтардың ескерткіштері – бәрі Алматыда бір рет болған адамның жадында сақталатын дүниелер. Қаңтарда болған бүлік қала көшелерінде өз ізін қалдырды, қаншама адамның жүрегінде сызат болып қалды. Алматы үшін қазақстандықтардың жаны ауырды.
Енді қала тұрғындары жұдырықтай жұмылып, сүйікті қаласын қалпына келтіруге кірісіп кетті.
Алматының қалай ретке келіп жатқанын фотолентадан көріңіз.